Галерея жайында Галерея жайында

                  Has Sanat» өнер галереясының негізі бағыттары

                 «Has Sanat» өнерлер галереясы 2003 жылы Астана қаласында ашылды. Өнер галереясының негiзгi қызметi Қазақстанның және шетел суретшiлерінің шығармашылығымен Астана тұрғындары мен қала қонақтарын таныстыру болып табылады. Сонымен қатар «Has Sanat» өнерлер галереясы әлемнің  көптеген мәдени орталықтарында презентациялар, көрмелер ұйымдастыру арқылы еліміздің бейнелеу өнері шеберлерін танытуда. Жас дарындардың шығармашылығын назарға алып, қолдау көрсету, жас суретшілерге шығармашылық орта құру — өнер галереясының маңызды бағыттарының бірі.