«Алматы-Астана; Мәдение көпір» фотокөрме «Алматы-Астана; Мәдение көпір» фотокөрме

«Алматы-Астана; Мәдение көпір» фотокөрме - Елорданың 20 жылдық мерей тойына арналған, Астанадағы Алматы қаласының Мәдениет күндері аясында ««Universal Media Service агенттік» қоғамдық қордың Алматы қаласы әкімдігімен бірлескен жобасы. Фотосуреттер жаңа елорда имиджінің орнығуына, Алматы мәдени қайраткерлердің және белгілі мәдени ұйымдардың шығармашылық дәстүрлерінің үлесін дәріптейді. Экспозицияның басты мақсаты – көркем фотосурет құралдарымен шығармашылық идеялардың дамуындағы сабақтастықты, сонымен қатар ынтымақтастық, жаңа кеңістіктер мен жағдайларды игеру, тойтарыс беру рухы мен шығармашылық жеңістер атмосферасын жеткізу болып табылады. Ұсынылып отырған жұмыстар фото-документалистикадан әлде қайда қашықта. Олар креативті, шығармашыл және осы күнгі тұрғыдан жанды эмоциялар мен сезімдерді, сонымен қатар мәдени объектілер, ғимараттар мен қоршаған ландшафттардың өзіндік стилистикасын көрсетеді. Фотокөрме әлемдік мәдени орталықтардағы инновацияларға ұмтылыс пен ынтымақтастықпен қоса, жас тәуелсіз мемлекетте өзінің бай тәжірибесіне, және ұрпақтар мираскерлігімен үйлесімді байланысатынын көрсетуге арналған. Осы көрме еліміздің екі бас қаласы басқа аумақтарға үлгі бола отырып, тығыз әрекеттестікте дамып, бір бірін үйлесімді толықтыратынын көрсетеді. Іс-шараға: өнер саласының белгілі тұлғалары, шығармашылық ұжымдар, көркемөнер жоғары оқу орындарының және Астана және Алматы қалаларындағы мұражайлар өкілдері қатысады. Фотокөрме 1 шілдеге дейін жұмыс істейді. Байланыстар: Тел: +7 701 4163342 E-mail: ums.agent@gmail.com Тел.: +7 7172 50 84 65 +7 778 881 88 28 E-mail: hassant.art.astana@mail.ru