“Japanese Art" көрмесі “Japanese Art

«Хас Санат» өнер галереясындағы “Japanese Art" көрмесі

2018 жылдың 15 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында «Has Sanat» өнер галереясында жапон өнер тарихында әр түрлі ұрпақты білдіретін Токо Шинода мен Норико Саитоның графика және көркем сурет көрмесі өтеді.

Токо Шинодаға - 105 жыл! (1913 жылы туылған) өз өнернамасында дәстүрлі каллиграфия мен абстрактылы экспрессионизмді байланыстыра отырып, «суми» техникасында жұмыс істейді. Шиноданың алғашқы жеке көрмесі Токиода 81 жыл бұрын (!) өтті, ал 1956 жылы ол сол кездің өзінде бүкіл әлемде беделі бар суретші ретінде, алғаш рет Нью-Йоркке келді. Келесі онжылдықта суретші Токио мен абстрактылы экспрессионизм сұранысынан шайұалып жатқан Нью-Йорк ортасында бөлініп жүрді. Шинода АҚШ пен Еуропада жеке көрмелер өткізеді, оның жұмыстары Джексон Поллок, Марк Ротко және Джаспер Джонс секілділермен жұмыс жасаған абстрактылы экспрессионистердің қолдаушысы Бетти Парсонстың галереясында салылады.

Токо Шиноданың шығармалары Albright-Knox, Нью-Йорк, the Art Institute of Chicago, the Tokyo National Museum of Modern Art, Сингапурдың Ұлттық мұражайы, the Museum fur Ostasiatische Kunst, Берлин, Йель университетінің көркем галереясында, сондай-ақ Rockefeller мен Ford foundations, жапон император сарайының тұрақты жинақтамаларында, Guggenheim мұражайы, Haifa Art Museum, Cincinnati Art Museum, Hague Museum және Нью-Йорк MOMA мұражайында бар. Оның аңызға айналғанын бағаламау қиын - ол тірі кезінде портреті пошта маркаларында мәңгілікке есте қалдырылған Жапониядағы жалғыз адам.

Алдағы көрменің екінші қатысушысы - Норико Саито - осы графика техникасына арналған ең маңызды халықаралық көрмелердің бірі «Құрғақ Ине» XII Халықаралық Графикалық Биенналенің (Сербия) Гран-при иегері. Ол көркем суретте де, графикада да бірегей стилін бұрыннан алған суретші. Оның нақ көңілді және энергетикалық табиғаты оған эмоцияларды қағаз бетіне оңай түсіруге мүмкіндік береді. Оның жұмыстары «extra dose of happiness» – сіз олармен байланыстың бірінші минутынан бастап сезінетін көңілді жұмбақ зат таратады.  Норико шығармашылығы Жапония, Тайланд, Норвегия, Польша, Словакия, Испанияда көрмелерде сыйлықтармен марапатталған.

 



/

/

/

/
[1]