Павлодар суретшілерінің «Халық рухының жерұйығы» атты кескіндеме, мүсін және сызба көрмесі Павлодар суретшілерінің «Халық рухының жерұйығы» атты  кескіндеме, мүсін және сызба көрмесі

Павлодар суретшілерінің «Халық рухының жерұйығы» атты  кескіндеме, мүсін және сызба көрмесі туралы

АҚПАРАТ-ХАБАРЛАМА

 

            2017 жылдың 21-25 тамыз аралығында «Хас Санат» галереясында «Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі және Астана қаласындағы Павлодар облысының мәдениет күніне арналған «Халық рухының жерұйығы» атты павлодар суретшілері көрмесі өтеді. Көрмеге 65 кескіндеме, мүсін және сызба туындылаыр ұсынылған.

Елу жылдан астам қалыптасып келе жатқан Павлодар облысының көркемсурет өнерініңтарихына көз жүгіртсек, өткен жылдар суретшілердің кәсіби негізі мен тәжірибесін шыңдай түскен, ал Қазақстанның тәуелсіздік жылдары шыгармашылықтарында рухани бостандық пен жаңа зор мүмкіншіліктер қол жеткізді. Экспозицияда Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қорынан өткенге көз жүгіртетін 60-70 жылдардан бастау алатын және заманауи павлодар суретшілерінің  жиналған туыныдылар ұсынылып отыр. Кейін көркемсурет - өндіріс шеберханалары болып аталып кеткен КАЗИЗО шығармашыл шеберханалары уйымдасқан кезінде, Павлодар облысының кәсіби білдекті өнері 1956 жылдан бастап кең тарала бастады.  50-ші жылдар аралығында Павлодар өңіріне кәсіби суретшілер, олардың арасында кескіндемешілер, сызбашылар, мүсіндемешілер, театр суретшілері келеді. 60-шы жылдары көрме қызметі қарқынды дами бастады. 1965жылғы 18 желтоқсан күні Павлодар облыстық көркемсуретмузейі келушілерге өз есігін ашып, музей ғылыми-зерттеу,ағартушылық және көрме орталығына айналды.

70-80-ші жылдары Павлодарда өңірлердегі көркемсурет училищелерін тәмамдаған келесі суретшілер жұмыс істей бастады:  В.Поликарпов, А. Бибин, Қ.Темірғалиев, М.Колмогоров, В.Мартынцев, А.Гулин,  Е.Москвин,  Г.Беспалова,  А.Игембаев,  Ө. Шоранов,  С.Серікбаев, В. Приходько, С. Тиленбаев, Т. Тyлеев, К. Нуркенов. Қарағандыдан П.Лысенко келеді. Жас суретшілер көркемсурет шеберханалардың шығармашылық бөлімдерінде белсенді жұмыс атқара бастады.

XX ғасырдың 80-90-шы жылдардағы жаңа ұрпақ пен есейген суретшілер үшін жан-жақты стиль мен шығармашылық қолтаңбалар, жалпыланған философиялық бейнелердің жеке-дара шешімдері, тарих және халықтың қолданбалы өнерімен байланыс және өнер синтезімен ерекшелене түсті.

ХХI ғасырдың алғашқы онжылдығында павлодарлық кескіндеме және сызбашы  жас суретшілердің белсенді жұмыстарымен белгіленді: Е.Фридлин, А.Солтанбаев, А.Аубакирова, Т.Чевтаева, З.Асылгазина, біраз кешірек - Ж.Наурузова, Г. Алданазарова, А.Балин және тағы басқалары.

Павлодарлық суретшілер - жарты ғасыр бойы келе жатқан жұмысқа қабілетті және үлкен ұжым. Дәрежелі кәсіби қасиеттері Қазақстан Республикасының көркемсурет үдерісінің болашақ дамуында шығармашыл әлеуетін көруге мүмкіндік береді.

 


 

 

 

 


/

/

/

/

/

/

/

/

/